Меню KDT

logo.jpg?_=1712573371

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің  № 40 мектеп-лицейі КММ
  • kz
  • ru
  • Все новости

    ХОРЕОГРАФ

    ТҰРАҚТЫ

    Хореограф  тұрақты бос лауазымына КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ
    «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «№40 мектеп-лицейі» КММ
    КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
    1. Бос лауазым: Хореограф – 1 бірлік (орыс және қазақ тілінде оқытылатын сыныптарда);
    2. Лауазымдық жалақысы: 100000-150000 тг (еңбек сіңірген жылдарына, біліктілігіне байланысты)
    3. Конкурсты өткізу мерзімі: 9.09.2025 жылы сағат 14:00
    4. Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «№40 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    5. Мекеменің мекен-жайы: Жамбыл облысы, Шу қаласы, Өмірзақ Орынбаев көшесі №4, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «№40 мектеп-лицейі» КММ.
    Анықтама үшін байланыс телефоны: 2-15-41
    Электрондық адрес: chush-40@yandex.kz
    Біліктілік талаптары:
    Жоғары білімі (педагогикалық)
    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

    1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

          2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

          3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

          4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

          5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

           6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

          7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

          8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

          9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

          10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

           11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

          12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

    Құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 29  тамызына  дейін жүргізіледі.

     

    20.08.2025
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки