Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Абайдың 175 және Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойлары құрметіне еліміздегі көркем еңбек пәнінен сабақ беретін әрі шығармашылықпен айналысатын ұстаздар арасында "Ғасырлар толғауы" атты онлайн көрмесінің қорытынды жиыны өтті. Көрме қорытындысы бойынша бейнелеу өнерінің майталмандарының еңбегі топтастырылған "Бабалар аманаты"атты көрме каталогінің тұсауы кесілді. Бұл көрмеге Республика бойынша 850 ұстаз өтініш білдірген болса, солардың арасынан 110 шебердің үздік жұмысы таңдап алынып алынған. Соның ішінде біздің мектебіміздің ұстазы Мұражанова Дәметкен Дилтаевнаның еңбегі "Бабалар аманаты" көрме каталогінде жарық көрді. Мектеп әкімшілігі және ұстаздар қауымы сізді шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!!!
05.02.2019ж №40 шағын орталықты мектеп- лицейінің психологы Ә.Дуанбайдың ұйымдастыруымен 8-10 сынып оқушылары арасында " Жасөспірімдер арасында тұлға аралық тақтығыстарды болдырмау және оны шешу жолдары" атты тренинг өткізді.